«Әділет» ғылыми еңбектер

«Әділет» ғылыми еңбектер журналы туралы ақпарат

«Әділет» ғылыми еңбектер» журналы – Қазақстандағы жетекші заң ғылымы басылымдарының бірі. Журнал бай тарихы бар ғылыми басылым ретінде 1996 жылдан бастап жылына төрт реттен жарық көріп келеді. Редакциялық алқаның құрамы еліміздің танымал заңгер-ғалымдарынан құралған. Ұзақ жылдар бойы журналдың бас редакторы қызметін ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Баймаханов М.Т. атқарды. 2015 жылдан бастап журналдың бас редакторы – заң ғылымдарының кандидаты, Каспий университетінің «Әділет» жоғары құқық мектебінің қауымдастырылған профессоры Калимбекова А.Р.

Қазіргі таңда журналдың редакциялық алқа құрамында ҚР ҰҒА академигі Сулейменов М.К., заң ғылымдарының докторлары, профессорлар Диденко А.Г., Ильясова К.М., Caspian University құрметті профессорлары, құқық докторы Рольф Книппер, заң ғылымдарының докторы, профессор Кузнецова Н.С. және өзге де көрнекті құқықтанушылар бар.

2015 жылдан бастап журнал Қазақстан мен шет елдердегі заң ғылымы саласындағы жетекші ғылыми басылымдардың біріне айналдыру мақсатына сәйкес дамудың жаңа тұжырымдамасы мен стратегиясын іске асырып келе жатыр.

Журналдың миссиясы – ғылыми ақпарат алмасуға жағдай жасау, мемлекет пен құқық саласындағы өзекті және келешегі зор мәселелерді зерттеуге назар аудару болып табылады. Журнал заң ғылымы саласындағы ғылыми білімнің таралуына, ғалым-заңгерлердің пікір алмасуына, теоретикалық және практикалық тәжірибе бөлісуге, ұлттық және халықаралық деңгейде ынтымақтастық орнатуға ықпал етеді.
Журнал  заң ғылымының жетістіктері мен заңнамадағы өзгерістерді көрсете отырып, қазақстандық және шетелдік авторлардың еңбектерімен танысуға мүмкіндік бере отырып, мемлекет пен құқық мәселелеріне арналған соңғы ғылыми зерттеулер, маңызды ғылыми конференциялар мен құқық саласындағы дөңгелек үстелдер жөніндегі ақпарат көзі болып табылады.
Журналдың авторлары мен оқырмандары – отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, тәжірибелі мамандар, докторанттар, магистранттар және студенттер.

«Әділет» ғылыми еңбектер журналы Каспий университеті атынан Париж қаласындағы мерзімді басылымдарды тіркеудің халықаралық орталығында баспа және электрондық басылым ретінде тіркелген (Сертификат № 2077-9860, 24 ақпан 2012 ж.).
Сондай-ақ журнал Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде тіркелген (Куәлік № 9774-Ж, 19 желтоқсан 2008 ж.).
Басылым Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының (ҰҒТАО) деректер базасына енгізілген.

Журнал тоқсан сайын жарық көреді, материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.
Таралу аумағы – Қазақстан Республикасы, ТМД елдері және алыс шетелдері. Журнал «Қазпошта» АҚ жазылу каталогына енгізілген.
Жазылу индексі: 75779.