«Әділет» ғылыми еңбектер журналы бай тарихына ие. Ол 1996 жылдан бері жылына төрт рет тұрақты түрде жарық көріп, Қазақстандағы жетекші заң ғылымы журналдарының бірі болып саналады.
Бұл журнал – жас және тәжірибелі құқықтанушылардың, ғалымдар мен практиктердің өз ғылыми көзқарастарын білдіріп, пікір алмасып, сот тәжірибесін немесе жаңа заң жобаларын талқылайтын өзіндік ғылыми трибунасы болып табылады.
Бүгінгі күні де журнал «Әділет» Жоғары құқық мектебінің ғылыми өмірінің ажырамас бөлігі ретінде қызмет етіп, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрамына кәсіби тұрғыдан дамуға мүмкіндік беріп келеді.
