Редакция және редакциялық саясат

«Әділет»  ғылыми еңбектері» журналының редакциялық саясаты

Журнал редакциясы ашық қолжетімділік саясат ұстанады. Журнал мақалалары барша оқырманға еркін қолжетімді, ал зерттеу нәтижелеріне ашық және тегін қолжетімділік қоғамдағы ғылыми білімнің кеңеюіне ықпал етеді.

Редакциялық саясат ғылыми қызмет этикасымен байланысты, бұл редакциялық алқаны бірқатар маңызды моральдық-этикалық қағидаттар мен ұйымдастырушылық нормаларын ұстануға міндеттейді.

Журналдың редакциялық саясаты Баспа этикасы жөніндегі комитет – Committee on Publication Ethics (COPE) әзірлеген Журнал редакторына арналған мінез-құлық кодексі мен  үздік тәжірибелер жөніндегі нұсқаулықта  (Code of Conduct and Best Practice Guidelines for Journal Edition) және Журнал баспагерлеріне арналған мінез-құлық кодексінде (Code of Conduct for Journal Publishers) бекітілген редакторлар мен баспагерлер қызметінің этикалық нормалар есепке алуға негізделген.  Редакциялық алқа сондай-ақ COPE Халықаралық Баспа этикасы комитетінің  материалдары (http://publicationethics.org/) мен ғылыми жарияланымдар этикасы жөніндегі қысқаша нұсқаулықтың Ережелеріне (https://publicationethics.org/resources/guidelines-new/short-guide-ethical-editing-new-editors) сүйене отырып, ғылыми этика қағидаттарын басшылыққа алады.

Редакциялық саясаттың басымдықтары:

Заңтану саласындағы зерттеудің жаңа нәтижелерін қамтитын ғылыми еңбектердің түпнұсқалығы;

Мақалаларды рецензиялаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету;

Жоғары білікті отандық және халықаралық авторларды тарту;

Конференцияларға ғылыми шолулар жариялау;

Жариялау этикасын сақтау;

Журналды негізгі халықаралық реферативтік дерекқорларға (Scopus, Web of Science) енгізу;

Авторлардың географиялық әр алуандығын қамтамасыз ету.

Материалдарын пайдаланған кезде «Әділет» ғылыми еңбектері» журналына сілтеме жасау міндетті.

Журнал материалдарында білдірілген пікірлер әрдайым редакцияның ресми ұстанымын білдіре бермейді.
Қолжазбалар редакциямен авторларға қайтарылмайды.