1992 жылы көрнекті қазақстандық құқықтанушылары – заң ғылымдарының докторы, профессор Басин Ю.Г., ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сулейменов М.К., заң ғылымдарының докторы, профессор Диденко А.Г., заң ғылымдарының кандидаты, доцент Грешников П.Я., заң ғылымдарының докторы, профессор Худяков А.И. – бастамасымен «Әділет» Жоғары құқық мектебі құрылды.
Бүгінде бұл оқу орнының даңқты тарихы Каспий университетінің қабырғасында өз жалғасын табуда.
1992 жылғы 7 қазанда «Әділет» Жоғары құқық мектебіне мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріліп, оның ректоры болып сол кезде заң ғылымдарының кандидаты, доцент Матюхин А.А. тағайындалды.
Ұраны:
«Еркін әрі жауапты тұлғаға – нарықтық экономика, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет арқылы!»
