Әділет» ғылыми еңбектер журналына жариялануға жіберілетін мақалаларды рецензиялау тәртібі

Журнал редакциясына келіп түскен мақалаларды рецензиялау рәсімі журналда жарияланатын материалдардың сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Рецензия ұсынылған мақаланың артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты және объективті тұрғыдан бағалауды көздейді.

Рецензиялау құпия түрде жүргізіледі. Мақала авторы оппонент бола алмайды. Барлық мақалалар міндетті түрде «біржақты жасырын» (анонимді) рецензиялаудан өтеді (рецензент авторды біледі, бірақ автор рецензентті білмейді). Рецензенттердің есімдері жария етілмейді.

Автор журналдың «Мақалаларды рәсімдеу ережелеріне» сәйкес дайындалған мақаланы редакцияға жолдайды. Мақала түскеннен кейін бас редактор оның журнал тақырыбына сәйкестігін анықтап, тиісті рецензенттің қарауына жолдайды. Рецензентті таңдау туралы шешімді бас редактор редакциялық алқамен бірлесе қабылдайды.

Редакция журналға жариялауға ұсынылған мақалаларды бағалауға қатысатын рецензенттерді Committee on Publication Ethics (COPE) әзірлеген COPE Ethical Guidelines for Peer Reviewers (Рецензенттерге арналған этикалық нұсқаулық) қағидаттарын ұстануға шақырады.

Мақалаларды рецензиялау шақырылған рецензенттер — құқықтың нақты саласы бойынша маманданған, мақалада көрсетілген ғылыми бағытта ғылыми жұмыста жеткілікті тәжірибесі бар және редакциялық алқаның жарияланған материалдарға қоятын талаптарымен таныс, Каспий қоғамдық университетінің, Қазақстан мен шетелдік университеттердің жоғары білікті ғалымдары мен құқық саласында маманданған тәжірибелі сарапшылары-рецензенттері тарапынан жүзеге асырылады.

Мақаланы қарау мерзімі бас редактордың шешімімен анықталады және мақаланың жедел жариялануына жағдай жасау мақсатында белгіленеді. Рецензиялау мерзімі әдетте 2–4 апта, бірақ рецензенттің өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін.

Рецензент қолжазба материалдарын қарау мен ұғынуда көрініс табатын айқын мүдделер қақтығысы болған жағдайда рецензиялаудан бас тартуға құқылы. Қолжазбаны қарау қорытындысы бойынша мақала жайлы рецензент келесі шешімдердің бірін ұсынады (рецензенттің әр шешімі негізделу қажет):

мақала қазіргі нұсқасында жариялануға ұсынылады;

мақала рецензент ескерткен кемшіліктер түзетілгеннен кейін жариялануға ұсынылады;

мақала өзге маманмен қосымша рецензиялауды қажет етеді;

мақала журналда жариялануға ұсынылмайды.

ескертулері болған жағдайда рецензенттің қалауы бойынша мақала авторға қайта өңдеуге жіберілу мүмкін. Егер рецензияда түзету және қосымша қарау жөнінде ұсыныстар болса, журнал редакциясы авторға рецензия мәтінін жолдап, оларды мақаланың жаңа нұсқасын дайындау кезінде ескеруді немесе негізделген түрде (толық не жартылай) теріске шығаруды ұсынады. Мақаланы қайта өңдеу мерзімі авторларға өзгерістерін енгізу қажеттілігі жайлы электронды хабарлама жіберілген күннен бастап 2 айдан аспауы тиіс. Қайта өңделген мақала рецензентке қайта жіберіледі. Егер түзетілген жұмыс бойынша теріс қорытынды берілсе, мақала жариялануға қабылданбайды.

Автор рецензия нәтижелерімен келіспеген жағдайда уәжді түрде өз пікірін білдіруге құқылы. Егер автор мақалаға түзету енгізуден бас тартса, мақаланы жариялаудан бас тартқаны туралы редакцияға жазбаша немесе ауызша түрде хабарлауы тиіс. Авторлар рецензия жіберілген күннен бастап 3 ай ішінде түзетілген нұсқаны қайтармаса және бас тарту туралы авторлар ресми хабарлама жолдамаса, редакция мақаланы есептен шығарады. Мұндай жағдайларда авторларға қолжазбаның қайта қарауға бөлінген мерзімнің аяқталуына байланысты тіркеуден алынып тасталғаны туралы тиісті хабарлама жіберіледі.

Автор мен рецензент арасында шешілмейтін келіспеушіліктер туындаған жағдайда редакциялық алқа мақаланы қосымша рецензиялауға жіберуге құқылы. Қосымша рецензиялау туралы шешімді бас редактор қабылдайды. Даулы жағдайларда шешімді редакциялық алқа отырысында бас редактор шығарады.

Мақаланы жариялаудан бас тарту туралы шешім редакциялық алқа отырысында рецензенттердің ұсынымдары негізінде қабылданады. Редакциялық алқа шешімімен жариялауға ұсынылмаған мақала қайта қарауға қабылданбайды. Жариялаудан бас тарту туралы хабарлама авторға электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Мақаланы жариялауға қабылдау жөніндегі түпкілікті шешімді редакциялық алқа қабылдайды және ол редакциялық алқа отырысының хаттамасында тіркеледі. Позитивті рецензия болуы мақаланы жариялауға жеткілікті негіз болып табылмайды. Қорытынды шешімді тек редакциялық алқа қабылдайды. Даулы жағдайларда шешім қабылдау құқығы бас редакторға тиесілі.

Оң қорытынды алынғаннан кейін бас редактор мақаланың жариялану кезектілігін анықтайды. Мақала жариялауға қабылданған жағдайда редакция авторды бұл туралы хабардар етіп, жариялану мерзімін көрсетеді.

Жариялану мерзімі туралы ақпарат рецензиялаудан өткен мақалалар қаралғаннан кейін авторларға хабарланады. Редакция рецензиялау нәтижелерін авторға электронды пошта арқылы жолдайды; авторлармен қабылданбаған мақалалар бойынша дискуссия жүргізілмейді. Даулы мәселелер туындаған жағдайда шешімді бас редактор қабылдайды.

Рецензиялардың түпнұсқалары журнал редакциясы мен баспасында мақала жарияланған күннен бастап 3 жыл сақталады. Рецензияларды сақтау үшін жауапты тұлға – журнал редакциялық алқасының жауапты хатшысы.

Редакцияға жіберілген материалдар авторларға қайтарылмайды.

Редакция жариялану мерзіміне қатысты өзіне міндеттеме алмайды.

Авторларға гонорар төленбейді.