Жарияланым этикасы  

«Әділет» ғылыми еңбектері» журналындағы жарияланым этикасына қойылатын талаптар

«Әділет» ғылыми еңбектері» журналының жарияланым этикасы

Редакциялық алқа халықаралық ғылыми қауымдастық қабылдаған этикалық нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге тырысады және бұл саладағы кез келген бұзушылықтардың алдын алу үшін барлық күш-жігерін салады.

Мақаланы қарауға ұсыну авторлар әзірлеген мақала бұрын жарияланбаған жаңа бірегей ғылыми нәтижелерді қамтитынын білдіреді.

Автор (немесе авторлар ұжымы) ғылыми зерттеу нәтижелерінің жаңалығы мен шынайылығы үшін дербес жауапкершілік көтереді, бұл келесі қағидаттарды сақтауды білдіреді:

авторлар зерттеулердің сенімді нәтижелерін ұсынуға міндетті. Әдейі қате немесе қолдан бұрмаланған тұжырымдарға жол берілмейді;

авторлар ұсынылған қолжазбада баяндалған зерттеу нәтижелерінің түпнұсқалығына кепілдік беруі тиіс. Басқа дереккөздерден алынған үзінділер мен тұжырымдар міндетті түрде бастапқы авторды және дереккөзді көрсету арқылы рәсімделуі керек. Шамадан тыс дәйексөз алу, сондай-ақ плагиаттың кез келген нысаны, соның ішінде рәсімделмеген дәйексөздер, мәтінді рұқсатсыз қайта баяндау немесе бөтен зерттеулер нәтижелеріне құқықты иемдену, ғылыми этикаға қайшы және оған жол берілмейді;

мақалада зерттеу жүргізу кезінде маңызды болған еңбектерге сілтемелер көрсетілуі қажет;

авторлар басқа журналға жіберілген және қарауда болып жатқан қолжазбаны, сондай-ақ бұрын басқа журналда жарияланған мақаланы қайта журналға ұсынбау қажет;

мақала бірлескен авторларының құрамына зерттеуге елеулі үлес қосқан барлық тұлғалар енгізілуі тиіс; бірлескен авторлар қатарына зерттеуге қатыспаған адамдарды қосуға жол берілмейді;

егер мақалада оны жариялау алдында немесе мақаланың жарық көргенінен кейін  елеулі қателер немесе дәлсіздіктер анықталса, автор бұл туралы журнал редакциясын мүмкіндігінше тез хабардар етуге міндетті.